$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті

22.01.2026ж. 22:28
Құтқарушылар жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетті
фото: gov.kz

Қостанай облысы Қамысты ауданында, Алтынсарин ауылынан 85 шақырым жерде ТЖМ қызметкерлері қиын жол жағдайына тап болған шетел азаматтарына көмекке келді.

Құтқарушылар жедел қызметтік көлікте орнатылған жүкшығырдың көмегімен көлік құралын жолдың жиегінен сүйреп шығарды. Көлік ішінде екі Өзбекстан Республикасының азаматтары болды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізуші ТЖМ қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жолын жалғастырды.