$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда 385 мамандық жойылып барады

23.01.2026ж. 00:31
Қазақстанда 385 мамандық жойылып барады
фото: pixabay

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген мамандықтар атласында 1 000-нан астам жаңа мамандық анықталған. Сондай-ақ, 540-тан астам мамандық трансформацияға ұшырап, 385-тен астам кәсіптің жойылып бара жатқаны анықталған.

Ғылым және жоғары білім министрлі Гүлзат Көбенованың айтуынша, жедел технологиялық және экономикалық өзгерістер жағдайында білім беру жүйесі мен еңбек нарығының қажеттіліктерін үйлестіру үшін Жаңа мамандықтар атластары әзірленді. 

Атлас – жай анықтамалық емес, навигациялық құрал: ол қандай мамандықтардың пайда болып жатқанын, трансформацияланатынын немесе жойылып бара жатқанын көрсетеді. Әлемде мұндай құралдарды ЕО, Сингапур және Канада кәсіптік бағдар беру және білім беруді жоспарлау үшін қолданады.

– Жоба еліміздің барлық облыстарын қамтыды. Осылайша 20 өңірлік кадр қажеттілігі картасы әзірленді, 17 форсайт-мектеп құрылды, экономиканың 27 саласы қамтылды, 235 мың мектеп оқушысы кәсіби диагностикадан өтті. Осылайша, біз болашақ талапкерлермен оқуға түскенше, ертерек жұмыс істей бастаймыз, бұл мамандықты саналы түрде таңдауға септігін тигізеді, – деді Г. Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.