$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалықтар қасқыр аулап жүр

23.01.2026ж. 20:20
Қызылордалықтар қасқыр аулап жүр
фото: pixabay

Қызылорда облысында қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш аңдардың санын реттеу бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы өткен жылы 167 рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Нәтижесінде 47 қасқыр, 6 шибөрі ауланды.

Сонымен бірге, биыл 13-22 қаңтар аралығында Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдар аулады. Рейд барысында 2 қасқыр, 90 шибөрі ұсталды.