$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде кепілсіз тұтынушылық несие азайған

23.01.2026ж. 15:32
Елімізде кепілсіз тұтынушылық несие азайған
фото: pixabay

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, табыс және кредиттеу динамикасы уақытша ықпал етіп, инфляция қарқыны табыс көлеміне қысым жасап отыр. Сонымен қатар, кепілсіз тұтынушылық несиелеудің баяулағаны байқалады.

- Бұл, сөзсіз, оң құбылыс. 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша кредиттеу көлемінің өсімі айтарлықтай азайып, жыл басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, 7,3 пайызды құрады. Инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде қалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар нақты мәнде 13 пайызға өссе, шикізатқа жатпайтын сектордағы жеке инвестициялар 19,1 пайызға дейін артты, - деді Тимур Сүлейменов.