Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 503,35 теңгені құрап, 2,36 теңгеге төмендеген.
Қазақстан Ұлттық банкінің 23 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 505,71 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 504,09 теңге, сату бағамы – 506,36 теңге. Астанада долларды орта есеппен 503 теңгеден сатып алып, 510 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 503,66 теңгеден сатып алып, 505,78 теңгеден сатып жатыр.