$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Лауазымды тұлғалар ақша жымқыру схемасын ұйымдастырған», - қаржы министрі

«Лауазымды тұлғалар ақша жымқыру схемасын ұйымдастырған», - қаржы министрі

Жекенменшік мектептер мемлекет қаржысын жымқырып келген. Заңбұзушылықтардың артында лауазымды тұлғалар тұрған. Бұл жүргізген аудиттің нәтижесінде белгілі болды. Соңғы бес жылда жеке мектептер саны 4 есе өскен. Ал оған бөлінетін бюджет 20 есе көбейіпті. Былтыр оларға 248 млрд теңге берілген. Бәсекеге қабілетті білім береміз деп бәлсінетін оқу ордалары қазына қаржысын алудың небір схемасын жүргізген. Ғимарат сыйымдылығын асыра бағалап, оқушы санын қолдан көбейткен. Табысын жасырып, салықтан жалтарған. Енді бірі күрделі жөндеуге бөлінген ақшаға косметикалық жөндеу жасаған.

МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Аудит барысында анықталған деректер жекеменшік мектептердің едәуір бөлігі мемлекеттің қаржысын білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету тетігі ретінде емес, бюджет есебінен пайда табу құралы ретінде қарастырғанын көрсетеді. Мұндағы заң бұзу мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар жүйені қадағалаусыз қалдырғанын немесе өздері осы жүйеге тікелей қатысқанын көрсетіп отыр. Осыған байланысты өткен жылдың соңынан бері жекеменшік мектептерге бөлінетін қаржы Оrta-bilim.e-qazyna цифрлық платформасына ауысты.