$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл соңына дейін инфляция 10% төмендейді

Жыл соңына дейін инфляция 10% төмендейді

"Жыл соңына дейін өз басым ипотека рәсімдемес едім". Ұлттық банк төрағасы осылай деп кеңес берді. Айтуынша, дәл осы уақытта жылжымайтын мүлікке инвестиция жасау тиімсіз болуы мүмкін. Әсіресе, оны несиеге алса, қайтарымы қалтаны қатты қағады. Оның себебі, қазіргі базалық мөлшерлеме мен инфляция. Ал, бұл көрсеткіштер жақын арада төмендеп, халық үшін қолайлы болмақ.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Инфляция төмендеген сайын, базалық мөлшерлеме төмендейді. Одан кейін сонымен бірге банктің мөлшерлемелері де төмендейді. Солай жалғаса берсе, ипотека қолжетімді болады. Тек сол кезде ғана болашаққа сеніммен қарап, ипотека алуға болады. Кішкене күту керек. Инфляция мен мөлшерлеме төмендесін.