$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп пен Зеленский келісімге келе алмады

Трамп пен Зеленский келісімге келе алмады

Трамп пен Зеленский келісімге келе алмады. Қос мемлекет басшысының Швейцариядағы кездесуі, бір сағаттан аспады. Екі Президент те бұл әңгіме туралы  жауап бермеген. Белгілі болғандай, жоспарланған құжаттарға қол қойылмай, екеуі де құр қол қайтты.

Трамп, қайтадан Иранға сес көрсете бастады. Бұл жолы сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Парсы шығанағына әскери кемелер жіберді. Бірақ, АҚШ Президенті Гренландия мен Данияға қарсы ешқашан күш қолданбаймын, - деп уәде берді. Ал, оның досы Илон Масктың айтуынш, 2026-ы жылы Жасанды Интеллект адамнан ақылды болады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Ирандағы наразылық акциялары кезінде 3117 адам қаза тапты. Бұл туралы ресми ақпарат көздері хабар таратты. Өткен аптада соққы жасау жоспарынан бас тартқан Трамп қайтадан ойынан айнып, парсы шығанағына әскери кемелерді жіберді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Олар 837 адамды дарға асайын деп жатқан кезде мен хабар жібердім. Егер оларды өлтірсеңдер, ядролық нысандарыңа жасаған шабуылым жай ойын болып қалады, - дедім. Бірақ, мен әлі де ойланамын. Иран біздің сауда кемелерімізге қастандық жасамасын деп, үлкен флот жіберуге мәжбүрмін.

Швейцарияда жаңа ұйым құрып, әлемді бейбітшілікке шақырған АҚШ Президенті Кәрі Құрлыққа шабуыл жасамаймын, - деп уәде берді. Гренландияны күшпен басып алмаймын, келіссөзбен қатарымызға қосамыз, -деді Трамп.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Менің ойымды дұрыс түсінбей не болса соны оттай беретіндерге таң қаламын. Мен Еуропаның, НАТО-ның қауіпсіздігін ойлап, осындай қадамға барып отырмын. Осыған дейін тарихта АҚШ пен Еуропа талай жерді тікелей ақшаға саудалаған. Сол үшін мен қазір Кәрі Құрлық елдерін келіссөзге шақырып отырмын. Оның үстіне, мен ешқашан альянс мүшелеріне қауіп төндірмеймін. Оларға қарсы әскер жібермеймін де.

Жыл соңына дейін Жасанды Интеллекттің ақылы адамнан асып кетеді. Ал, бүкіл әлемде роботтардың саны адамнан көп болады. Осылай деп, Давоста Илон Маск көпшілікті қорқытты.

ИЛОН МАСК, МИЛЛИАРДЕР:

Менің компанияларымның мақсаты – адамдардың өмірін жақсартып, өркениетті дамыту. Біздің санамызды осы әлемнің шеңберінен әлдеқайда алысқа шығара аламыз. Жер бетінде үлкен техногендік апат болып, адамдар жоғалып кетсе де, сана-сезім қалуы керек. Сол үшін роботтар мен жасанды интеллектті дамытып жатырмыз. Роботтар адамдардан қарағанда көп болса, жаман ештеңе көріп тұрған жоқпын.

Испанияда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Теміржолдың үстінде құрылыс қалдықтарын басып өтіп, рельсен шығып кеткен. Салдарынан машинист көз жұмып, 37 адам жарақаттанды.