$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жатақханадағы жастармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

23.01.2026ж. 19:00
Жатақханадағы жастармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Қостанайда «Қауіпсіз қала» акциясы аясында жатақханадағы  жастармен  профилактикалық  іс-шара ұйымдастырылды.Рейдті АМАNАТ партиясы  «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының  өкілдері бірлесіп өткізді. Жатақхана бөлмесіне рейдтік топ қызметтік итпен  кіріп келгенде жастардың  көбі сасқалақтап қалды. Иісшіл ит ештеңе тапқан жоқ. Рейд барысында ақпараттық парақшалар таратылды.Профилактикалық шара өңірлік университет студенттеріне пайымды  ой салды.Жас буын көп жағдайда жаңылып жаман жолға түседі. Оның алдын-алу  үшін тұрақты түрде  түсіндіру  жұмыстары жүргізілу керек. Ескертуді елейтін ел жастары есірткіден аулақ болып, салауатты ортаға, сапалы білімге талпынуы тиіс, дейді ұйымдастырушылар.

АРУЖАН СӘРСЕНБАЕВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Есірткі таратудың алдын алу үшін мониторинг жүргізіп,ол полиция департаментінің  арнайы үйретілген иттермен жүргізіледі. «Қауіпсіз қала» акциясы аясында басқа бағытта да  жұмыс істейміз. Полициямен  бірлесіп .Мысалы жол жүру ережелері бойынша, сонымен қатар 22:00 -ден кейін  егерде кәмелетке толмаған жастар түрлі қоғамдық орындарда болса соның алдын алумен айналысамыз.