$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елдің болашағы ұранға емес, адал еңбекке, жауапкершілікке және шынайы сүйіспеншілікке сүйенеді

AstanaTV
23.01.2026ж. 19:00
Елдің болашағы ұранға емес, адал еңбекке, жауапкершілікке және шынайы сүйіспеншілікке сүйенеді

Шынайы отансүйгіштік түрлі салада үнсіз еңбек етіп жүрген азаматтардың ісінен көрінеді. Дәрігердің адам өмірін сақтауы, ұстаздың сапалы білім беруі, жұмысшының адал еңбегі, кәсіпкердің ел экономикасына қосқан үлесі- мұның бәрі Отанға деген нағыз қызмет. Президент Құрылтайда көтерген бұл мәселе қоғам үшін аса өзекті. Себебі елдің болашағы ұранға емес, адал еңбекке, жауапкершілікке және шынайы сүйіспеншілікке сүйенеді.

МАРАТ ҚОЙЛЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, ҚР АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОРТАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Отансүйгіштік, елсүйгіштік, елге шынайы сүйіспеншілік-ол жалған бір тілмен ғана айтылатын мәселе емес, ол мынау жүрекпен елді сүю, отанды сүю. Жалған сөзбен дабыра көптеген сөздер айтылады. Ал бірақ шынайы Отанды сүйе аламыз ба? Осыдай сүрақ қой. Осының астын сызып, Президентіміз тағы бір айтып кетті.  Ал енді елге шынымен де түрлі салада қызмет етіп жүрген өзіміздің азаматтарымыз «осы елдің көркейіп, өсуі үшін мен қызмет етіп жүрмін» десе-міне нағыз Отансүйгіштік осы болады.