$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда 100-ден астам ақылды камера орнатылды

Атырауда 100-ден астам ақылды камера орнатылды

Атырау облысында  құжат қорының үштен бір бөлігі цифрланған. Биыл құжаттарды ақпараттық жүйеге енгізу 50 пайызға жетпек. Аймақта өзге де салаларды цифрандырып, жасанды интелект жетістіктерін енгізу қолға алынған. Мәселен,  адамдар көп шоғырланатын теміржол, автовокзалдарда, бизнес орталықтарында пилоттық жоба ретінде100ден астам ақылды камера орнатылған. Бұл арқылы жоғалған адамды тез тауып, анықтауға көмектеседі,- дейді мамандар. 109 жедел орталығы бұрын тек күнделікті коммуналдық мәселелер бойынша сауалдар қабылдаса, енді оған медицина саласы қосылып, жасанды интелект операторы енгізілмек.  Сондай-ақ елімізде білім саласында алғаш болып, “Назар” жобасы іске қосылған. Бұлардың барлығы, президент айтқандай, еңбек өнімділігін арттырып,  қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етпек.

АМАН СҰЛТАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрбір кабинетте камера қондырылып, әрбір мұғалімнің берген сабағын тыңдау, бағалау арқылы күнделік ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылып,  бір-біріне әдіскерлер мен мұғалімдердің қарым-қатынасы толықтай автоматтандырылып, ақпарттық жүйе арқылы атқарылады. Маңызды бір салалардың бірін атап өтетін болсақ, бұл қауіпсіздік саласы, Атырау облысы бойынша, 5 мыңға  жуық камера қондырылып, 10 мыңдай камера  ДП шығарылып, бақылануда.