Қазақстанда антифрод жүйелері арқылы алаяқтардан түскен 77 миллионнан астам қоңырау бұғатталды. Ұсынылған модель алаяқтықпен күрестің «залал келтірілгеннен кейін әрекет ету» тәсілінен инфрақұрылым деңгейінде алдын алу форматына көшкенін көрсетеді. Күдікті коммуникациялар мен мінез-құлық үлгілері зиян келтірмей тұрып анықталып, бұғатталады. Байланыс операторларының антифрод-орталықтары мен Ұлттық Банктің технологиялық өзара ықпалдастығы, сондай-ақ салааралық ынтымақтастық азаматтарды қорғау тиімділігін арттырып, тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.