$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бес жыл бойы тұрғындарға заңсыз шағын несие берген

24.01.2026ж. 20:25
Бес жыл бойы тұрғындарға заңсыз шағын несие берген
Фото: pixabay

Орал қаласында тұрғындарға тиісті лицензиясыз шағын несие беру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырған адамдар тобының әрекеті әшкереленді.

БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Палмановтың мәлім еткеніндей, күдіктілер бес жыл бойы «Тез ақша» брендімен филиал жүйелері арқылы азаматтармен 1,5 млрд астам теңге займ беруге келісім-шарт жасаған.

- Займ алушылар консультациялық қызмет деген желеумен күніне 1,5 пайыз төлеп отырған. Бұл 0,3 пайыз түріндегі шекті мөлшерлемеден 5 есе асып түседі. 1,5 млрд астам теңгеге барлығы 47 мың келісім-шарт жасалған. Қылмыстық іс сотқа жолданды, - деді М.Палманов.