АҚШ-тың 18 штатында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды.
ABC News мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауына байланысты билік пен жұмыс берушілер қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіріп жатыр. Тұрғындарға жолға шықпау, мүмкіндігінше үйлерінде болғаны дұрыс деген ескерту жіберілді.
Associated Press агенттігінің дерегіне сәйкес, демалыс күндеріне жоспарланған 8 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылған. Дауыл электр энергиясының жаппай өшуіне және негізгі автомагистральдардағы қозғалыстың қиындауына қауіп төндіріп отыр.
Коммуналдық қызметтер жарықтың үзілуіне дайындық жұмыстарын күшейткен. Мұз басқан электр желілері дауыл басылғаннан кейін де үзіліп кетуі мүмкін. Кейбір өңірлерде желдің әсерін ескергендегі ауа температурасы –40 градусқа дейін төмендеген.