$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар жауып, боран соғады

25.01.2026ж. 07:41
Қар жауып, боран соғады
Фото: pixabay

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қалың қар жауады. Ал еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында боран соғады.

 Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.

Шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда жел күшейеді.

 

Алдыңғы жаңалық