101 пультіне Орал қаласындағы 2-ші Құрылыс көшесіндегі төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттың ішінде жетті. Түтін басқан үйден олар 1941 жылғы әйелді тауып, оны қауіпсіз жерге шығарып алды.
Өрттің жалпы алаңы 50 шаршы метрді құрады. Құтқарылған әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өрттің себебі анықталуда.