Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте елді алдап, қыруар ақшаны қалтаға басқандар ұсталды

AstanaTV
28.12.2017ж. 20:00
3878
Шымкентте елді алдап, қыруар ақшаны қалтаға басқандар ұсталды

Шымкентте мемлекеттік бағдарламаны май шелпекке айналдырған алаяқтар ұсталды. 3 жігіт «Өрлеу» деп аталатын жоба бойынша ақша алып беремін деп елді сендіріп, олардың 2,5 млн теңгеден астам ақшасын қалтаға басқан. Ішкі істер органына алаяқтарға алданған 63 адам арызданды. Әл-Фараби аудандық полиция бөлімі, қамауға алынған 40 жастағы күдіктінің 35 алаяқтық фактісіне қатысы бары белгілі болды. Ол тұрмысы төмен отбасылардың жағдайын түзеуге бағытталған жобаға деп  бөлінген қомақты ақшаны "алуға көмектесемін" деп уәде еткен. Осы "еңбегі" үшін азаматтардың 1 млн-нан астам теңгесін алып, із жасырған.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД ресми өкілі:

Осындай жәйт Еңбекші АПБ де тіркеліп отыр. «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламаның атын жамылып, 1989 ж туылған азамат азаматтардан 50 мыңнан алып отырған. Ол іс бойынша 25 адам жәбірленуші ретінде өтіп отыр. Ол да миллионнан астам залал келтірген азаматтарға.

Полицияның дерегінше, үш күдікті де бір схемамен әрекет еткен. Бәрі де жұмыссыз. Бас пайдасы үшін аталмыш бағдарламаның атын жамылғанын мойындады,-дейді ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Қаракөзова. Қазір «Алаяқтық» бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.