$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға өтті

25.01.2026ж. 15:12
Australian Open: Анна Данилина екінші айналымға өтті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұпта Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші америкалық Джеймс Трейсимен бірге бастапқы кездесуін ұлыбританиялықтар Оливия Николлс - Анри Паттенмен өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 6:2, 6:3 есебімен жеңді. 

 57 минутқа созылған бәсекеде Данилина - Трейси 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ұлыбританиялықтар 3 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. 

Анна Данилина - Джеймс Трейси ширек финалға шығу үшін канадалық Лейла Фернандес - аустралиялық Ник Кирьоспен таласады.