$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Шыршаны тапсыр»: акция қорытындыланды

25.01.2026ж. 16:00
«Шыршаны тапсыр»: акция қорытындыланды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы зообағы «Шыршаны тапсыр» акциясын қорытындылады. Шараға 50-ден астам алматылық, соның ішінде бірнеше гүл дүкені қатысты. Сондай-ақ тамырымен берілген 3 шырша зоопарк аумағына егілді.

«Биыл бізге бұрын-соңды болмаған мөлшерде шыршалар, қарағайлар мен майқарағайлар әкелінді. Қазір олар жануарлар вольерлеріндегі ортаны байыту үшін пайдаланылып жатыр. Шырша - кейбір тұяқтылар үшін азық қана емес, жолбарыс, маймыл мен аю үшін «ойыншық». Ал харзалар, кірпілер, хомяктар мен борсықтар үшін жылы әрі хош иісті төсеніш», - деп жазды зообақ әкімшілігі.