$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды

25.01.2026ж. 18:33
Луиш Нани «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Фото: «Ақтөбе» ФК

Португалия футболының аңызы, 2016 жылғы Еуропа чемпионы Нани «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанды. Футболшы ақтөбелік ұжыммен бір жылдық келісімшартқа қол қойды. 
Ақтөбеге келе салысымен Луиш Нани «Ақтөбе» футбол орталығының 2025 жыл қорытындысы бойынша үздіктерін марапаттау кешіне қатысты. Бірақ португалиялық танымал футболшының бұл іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысатыны алдын ала айтылған жоқ. Тосынсый жасаған Нани балалармен жүздесіп, оларға жылы желібізн білдірді. Сонымен қатар үздік деген жасөспірімдермен бірге доп теуіп, оларға естелік сый-сияпат табыстады.