$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы тауларында жарақат алған альпинист құтқарылды

25.01.2026ж. 22:25
Алматы тауларында жарақат алған альпинист құтқарылды
Фото: pixabay

ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында жарақат алған альпинисті эвакуациялады.

Бүгін таңертең Медеу ауданындағы Мыңжылқы шыңында (3630 м) 59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмаған. Хабарлама түскен соң оқиға орнына 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесінің мамандары мен Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі жедел жетті.

Құтқарушылар альпинистке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге эвакуациялады.