$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Матчтағы тәртіпсіздік: Германияда 60-тан астам полиция қызметкері жарақат алды

Матчтағы тәртіпсіздік: Германияда 60-тан астам полиция қызметкері жарақат алды
Фото: IMAGO/CHRISTIAN SCHROEDTER| SCANPIX

 Екінші лиганың «Магдебург» пен Дрезденнің «Динамо» клубтары арасындағы футбол матчы кезінде жаппай тәртіпсіздік орын алып, салдарынан 64 полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды DW.
Саксония-Анхальт Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 17 қызметкер ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Оқиға бірінші таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда, жергілікті жанкүйерлердің қонаққа келген жанкүйерлер отырған секторға өтуге әрекеттенген кезде басталды. Полиция тәртіпсіздікті тоқтатуға тырысқанымен, жағдай қақтығысқа ұласты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне отшашулар, тастар мен металл тосқауылдар, кәріз қақпақтары мен төсеніш тастар лақтырылды. Екі команданың жанкүйерлері отшашуды атып, матчтың уақытша үзілуіне себеп болды.

Стадиондағы тәртіпсіздіктен басқа, қаланың барлық аумағында тонау және мүліктік залал туралы хабарланды. Полиция басшысы Тамара Зишан тәртіпсіздікті қатаң айыптап, арнайы жұмыс тобы тергеуді бастағанын жариялады. Полицейлер одағы да жанкүйерлердің әрекетін сынға алып, мұндай әрекеттің футболды қолдауға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

Стадионда шамамен 28 000 көрермен болды және жүздеген полиция қызметкерлері, соның ішінде Германияның басқа аймақтарынан келген күштер қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Матч 2:1 есебімен «Динамо» командасының жеңісімен аяқталды.