$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жанармай таситын көліктен өрт шығып, бір адам күйіп қалды

26.01.2026ж. 19:00
Павлодарда жанармай таситын көліктен өрт шығып, бір адам күйіп қалды

Павлодарда жанармай таситын көліктен өрт шығып, бір адам күйіп қалды. Өрт көлік цистернасына жанармай құю кезінде шығыпты. Жарылыс кезіндегі сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Зардап шеккен 57 жастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жағдайының ауыр екенін айтады. Денесінің 20 пайызын күйік шалған. Оқиға кезінде тағы бір жұмысшы болған. Ол аман. 

ТӨЛЕУЖАН ОРЫНБАЕВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ КОМБУСТИОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Шұғыл көмек көрсетілді. Диагнозы 3 дәрежелі термиялық күйік шалған. Беті, иегі, тыныс жолдары күйіп қалған.  Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Бір қалыпты. Күйік бөлімшесіне ауыстырылды.