$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның ұлттық орталығы жаңа вирусқа қатысты дабыл қақты

Қазақстанның ұлттық орталығы жаңа вирусқа қатысты дабыл қақты

Қазақстанның ұлттық орталығы жаңа вирусқа қатысты дабыл қақты. Нипах вирусы Үндістанның Батыс Бенгалия штатында анықталған. Бұл вирус - адамға жарғанаттардан, шошқалардан, сондай-ақ ластанған азық-түліктен келеді. Оған вакцина да, нақты емі де жоқ. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды сақ болуға шақырады. Дегенмен бұл вирус қазақстанда тіркелмеген. Бірақ, ауру ошақтары анықталған жерлерге сапарлағандар үшін, сақтық шаралары маңызды. Егер саяхаттан кейін қандай да бір ауру сезімі байқалып, температура көтерілсе бірден дәрігерге қаралу керек.