$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында ақбөкендер ауыл ішінде емін-еркін жайылып жүр

Атырау облысында ақбөкендер ауыл ішінде  емін-еркін жайылып жүр

Атырау облысында ақбөкендер ауыл ішінде  емін-еркін жайылып жүр. Сайын даланың еркесі саналатын киелі киік Құрманғазы ауданы  аумағында өткен аптадан бастап көрінген.

Аудан халқы мұны жақсылыққа  балап, фотоға түсіріп, киелі аңға тиіспеуге шақыруда. Мамандардың айтуынша, бұл 10-15 жылда қайталанатын көрініс. Көршілес Батыс Қазақстан облысында қар қалың болғандықтан,  азық іздеп, табиғи инстингпен  Каспий теңізіне қарай бет алған.  Атырау облысы аумағына шамамен бір миллионға таяуы өтті,- дейді аумақтық инспекция мамандары. Киіктер Исатай ауданына қарай жеткен, бірен-саранын қала маңынан да кезіктіруге болады.

МЕРЕКЕ ШАЛҚАРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Олардың  азық жейтін жері теңіздің қамысы.  Астрахань-Атырау жолын салған жолға тор салып қойды ғой. Мал өткізбейін деп. Енді сол кедергі келітріп,  бұлар теңізге тіке өтуге кедергі болып жатыр.  Біз осы жөнінде автомобиль жолдары басқармасына да хат жолдап жатырмыз.  Өткізу жолдарын ашу жөнінде. Сонымен қатар өзіміз де бақылап жүрміз.  Аққыстау мен екі ортада киіктер жүр. Машинлар қақпасын деп.  Табиғи жолы бітеліп қалып, кішкене бізге қиындау болып тұр.

Құрманғазы ауданында желтоқсан ортасынан бері  екі мыңға тарта ірі  қара инфекциялық  ринотрахеит, вирустық  диарея жұқпалы ауруға шалдыққан. Ветеренарлар төрт  ауылдық округтеріне малдың кіріп-шығуына, сойылуына шектеу қойды. Бұл  мал арасында жиі кездесетін ауру, киіктерге еш  қатысы жоқ,- деп мәлімдеді мамандар. 

САЯСАТ ЖӘНІБЕКОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ауданымызда 330 қорада, 1945 бас ауырып тұрғаны анықталды, соның ішінде 892 басы емделіп, жазылуда. Осы ауруды  ауданымызда шоғырланған киіктермен байланыстырып отыр екен, біз ол ақпаратты ресми растамаймыз.