$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ", - Қ.Тоқаев

"Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына бейтарап, селқос қарауға құқығы жоқ", - Қ.Тоқаев

Қоғамымызға, жалпы елімізге заң үстемдігі, тәртіп мықтылығы ауадай қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында айтты. Ол жаңа конституцияда заң мен тәртіп мемлекеттік саясатымыздың негізгі қағидаты ретінде қаралатынына сенім білдірді. Ал бұл салада прокуратураның қызметі аса маңызды деді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы киберқылмысқа қатысты, озық ойлап, артта қалмауды тапсырды. Себебі одан жыл сайын мыңдаған адам зардап шегеді. Сонымен қатар деструктивті контентті таратқандарға қатысты жазаны күшейтуді жүктеді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Технологияның қарқынды дамуы ақпараттық кеңістіктің түбегейлі трансформациясына жол ашады. Қоғамды жікке бөліп, азаматтарды бір-біріне қарсы қоятын деструктивті ақпарат таратуға бейіл адамдар да бар. Мұның бәрі өшпенділікке бастайтын ешкімге қажетсіз, тіпті қауіпті пікірталасқа жалғасады. Жасанды интеллектіні осындай адамдар ақпараттық қаруға айналдырып, заңға қайшы келетін контенттерді көптеп тарата бастайды. Бұған жол беруге болмайды. Ондай әрекеттерге құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тарту қажет.