$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясы 24 жыл құжатсыз жүрген азаматқа көмектесті

«AMANAT» партиясы 24 жыл құжатсыз жүрген азаматқа көмектесті

24 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген тұрғынға Қазақстан азаматтығын алуға «AMANAT» партиясы қолдау көрсетті. Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдауда мәслихат депутаты Абзал Марат тұрғындардың өтінішін тыңдады. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік қолдау, жұмыссыздық және денсаулық сақтау саласына қатысты.

Жаңылсын Сүгіралиева 2005 жылы отбасымен бірге Түрікменістаннан Қазақстанға қоныс аударған. Бірақ осы күнге дейін еліміздің азаматтығын ала алмай келген. Соған қарамастан, елімізде мектепте оқып, кейін тіпті колледжде білім алған. Алайда ол диплом алу кезінде кедергіге тап болдым дейді.

ЖАҢЫЛСЫН СҮГІРАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Маған диплом берген жоқ. Себебі удостоверениеңді алып кел, сосын саған дипломды береміз деді. Менде удостоверение жоқ, мен дипломды алған жоқпын. Одан кейін тұрмысқа шықтым, ол кезде де менде удостоверение алуға деген ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Қазақстаннан да, Түркіменстаннан да.

Тұрғынның өтінішінен кейін облыстық мәслихат депутаты Абзал Марат құзырлы органдармен байланысып, мәселенің оң шешілуіне ықпал етті. Қабылдау барысында азаматқа қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша кеңес беріліп, Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына жолданды. Нәтижесінде көші-қон қызметінің мамандары тұрғынның өтінішін қабылдады.

НҰРСҰЛТАН НҰРАСЫЛОВ, ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Азамат бірінші азаматтығы жоқ тұлға есебіндегі құжаттарды тапсырады. Ол құжаттарды алған  соң азаматтығы жоқ тұлға есебіндегі құжатты алғаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтығына тапсыра алады. Аталған азаматшаның құжаттануына Маңғыстау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасымен өз көмегімізді тигізудеміз.

Былтыр «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қабылдау бөлмесіне 3 мыңнан астам тұрғын жүгінген. Мәселелердің жартысы оң шешім тапса,  қалғанына түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жалпы еліміз бойынша партияның 228 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. 2025 жылдың 12 айында 124 мыңға жуық азамат өтініш білдіріп, оның 58 пайызы шешімін тапқан.

ЕРМҰХАММЕД ЖҰМАБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізге негізінен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша бүткіл 124мың дедік қой, соның 28 пайызы осы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық тиесілі. Екінші көп мәселе ол әлеуметтік мәселелер 20 пайызға жуығы. Сосын үшінші мәселе еңбек даулары, еңбек жұмыссыздық мәселесі. Осы үш бір негізгі тақырып бар. Оның 40 пайыздан астамы 45 пайыздай мәселелерін оң шешіп жатырмыз.

 

Қоғамдық қабылдаулар оффлайн форматпен қатар онлайн түрде де тұрақты өткізіліп келеді. «AMANAT» партиясы тұрғындардың мәселесін жүйелі түрде көтеріп, нақты нәтижеге қол жеткізу бағытындағы жұмысын жалғастыруда.