Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

RBK банкі күмәнді активтерін қайтаруды арнайы компанияға тапсырды

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
2150
RBK банкі күмәнді активтерін қайтаруды арнайы компанияға тапсырды

RBK банкі 603 миллиард теңгені құрайтын күмәнді активтерін "DSFK арнайы қаржы компаниясына" тапсырды. Бұл компания оларды қайтарумен айналысады. Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. Мәміле банк пен Үкімет, Ұлттық банк және "Қазақмыс" компаниялар тобымен жасалған келісім аясында іске аспақ. Банктің мәліметінше, сауықтыру бағдарламасы басталғалы бері бас акционер Владимир Ким 125 миллиард теңге құйған. Осылайша банк капиталын 160 миллиард теңгеге қаржыландырмақ. Сондай-ақ, RBK банкі 150 миллиард теңгені Ұлттық банктен бағынышты қарыз аясында алды. Баспасөз парағында, мемлекет банкті сақтап қалу үшін барлығы 243,7 миллиард теңгені қарыз ретінде бөледі, деп жазылған. 

Виктор Ахрёмушкин, «RBK BANK» АҚ баспасөз хатшысы:

"RBK Банкі" күмәнді активтерді беру жөніндегі келісімді арнайы компанияға беруді аяқтады.Тапсырылған активтер сомасы 603 миллиард теңге. Осылайша банкті сауықтыру жоспарының негізгі бөлігі орындалды.