$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада облысында №220 мектепте «Таза Қазақстан – тәрбие мен тәртіптің үлгісі» тақырыбындағы сынып сағаты өтті

Қызылордада облысында №220 мектепте «Таза Қазақстан – тәрбие мен тәртіптің үлгісі» тақырыбындағы сынып сағаты өтті

Қызылордада облысы Арал ауданында №220 мектептің оқушылары «Таза Қазақстан – тәрбие мен тәртіптің үлгісі» тақырыбындағы сынып сағаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мәселесін талқылады. Балалар Арал теңізінің қазіргі жайы туралы айтты. Постерлер әзірлеп, болашақта айдында балық ойнап, теңіз деңгейі көтерілсе деген армандарын жеткізді. Сондай-ақ, экотуризмді дамыту және пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған бастамалар көтеріп, ойын ортаға салды.

ЛАУРА АНАРБЕКОВА, БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ:

Көгалдандыру жұмыстары және қоқыстан тазарту жұмыстары бұның барлығы баланың бойына осы бастан сіңіру қажет деп ойлаймын. Дәл қазіргі уақытта санасына баланың құйып өсетін болсақ болашақта өзінің табиғатқа деген үлесін қосатын керемет тұлға шығады деп ойлаймын.