Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Құрылтайдың қызметі қандай болатынын айтты.
«Болашақта Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағында пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша сайланатын 145 депутаттан тұрады деп ұсынылған. Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімін қазіргі Мәжіліс сияқты бес жыл етіп сақтау көзделіп отыр. Бұл редакцияны біз толық қолдаймыз. Елу бірінші бап бойынша жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары толық көлемде қабылданып, қолдау тапқанына қанағаттанамыз. Еске сала кетейін, бұл бапта Конституцияның бұрынғы редакциясындағы нормаларды сақтау, яғни Құрылтай мүшесі 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және соңғы он жыл бойы ел аумағында тұрақты тұратын тұлға болуы тиіс екені туралы талаптар қарастырылған», - деді Сарым.
Депутат елу үшінші бап болашақ Құрылтайдың жұмысына қатысты ең мазмұнды әрі тұжырымдамалық өзгерістерді қамтиды деп санайды.
«Бұл – қоғамымызға қажет, халық күтіп отырған өзгерістер. Олар елдегі саяси жүйе мен мемлекеттік архитектураны елеулі түрде жаңартып, тұрақтандырады, билік тармақтары арасындағы қажетті тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, өкілді, атқарушы және сот билігі арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін іске асырады.Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында 53-бап 13 тармақтан тұрып, Парламент палаталарының өкілеттіктерін нақты сипаттаған болатын. Ал салыстырмалы кестеде ұсынылған жаңа редакцияда бұл бап 23 тармақтан тұрады. Яғни Құрылтайдың функционалы бір жарым еседен астамға артып отыр», - деді ол.
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, Құрылтай Мәжілістің бұрынғы барлық өкілеттіктерін сақтай отырып, қосымша мынадай жаңа өкілеттіктерге ие болады:
«Осы жаңа өкілеттіктердің барлығы жалпыұлттық референдумда мақұлданған жағдайда тиісті конституциялық заңдар аясында нақты айқындалып, іске асырылады.Аталған жаңашылдықтар әртүрлі қоғамдық алаңдарда бірнеше рет талқыланды, жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты қаралды және Мемлекет басшысы тарапынан Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда тұжырымдамалық тұрғыда қолдау тапты. Сондықтан бұл өзгерістерді біз толық қолдаймыз», - деді Айдос Сарым.