$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жартылай дайын өнім: «Ауыл аманаты» жобасы аясында цех ашылды

Жартылай дайын өнім: «Ауыл аманаты» жобасы аясында цех ашылды

Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны Базаркүл Махамбетова «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млн теңге көлемінде жеңілдікпен берілетін несие алып, аудан орталығында жартылай дайын өнім өндіретін шағын цех ашты.

Бүгінде бұл цехта 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Өндіріс орны заман талабына сай толық жабдықталды. Мұнда қамыр илейтін аппарат, өнімдерді қаптайтын арнайы құрылғы, нан өнімдерін пісіретін толқынды пеш, сондай-ақ өнімдерді сақтауға арналған тоңазытқыш бар. Кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.