$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда онлайн есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Атырауда онлайн есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

 Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Telegram әлеуметтік желісінде заңсыз есірткі интернет-дүкенін ашып, Атырау қаласы аумағында есірткі құралдарын таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Тексеру барысында 32 жастағы күдікті интернет-дүкенді басқарып, өзінен басқа заңсыз қызметке 5 адамды тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.