$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Конституция білім мен ғылымға, мәдениет пен ұлттық рухқа бағдар беруі керек", – депутат

"Конституция білім мен ғылымға, мәдениет пен ұлттық рухқа бағдар беруі керек",  – депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақ Конституциялық реформа комиссиясының үшінші отырысында Ата Заңның преамбуласыжөнінде пікірін білдірді.

Оның айтуынша, Конституцияның«Біз, Қазақстанның біртұтас халқы» деп басталуы – ұлттық келісім формасы, жекелеген топтар мен өңірлер емес, бүкіл халықты тең құқықтар мен ортақ жауапкершілік арқылы біріктіруін білдіретін өте ұтымды пайым.

«Преамбула мәтінінде мәдениет және білім құндылықтарын, ғылым мен инновация жетістіктерін бағдарға алу Конституцияның саяси-құқықтық және бағдарламалық құжат екенін дәйектей түседі. Осылайша Конституция заңдармен ғана шектелмей, білімге, ғылымға, инновацияға, мәдениет пен ұлттық рухқа да бағдар беретіндей болуы керек. Білім мен ғылым — адам әлеуетін дамытуға, инновация — технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, мәдениет пен рух — халықты біріктіруге қызмет етеді», - деді Конституциялық комиссия мүшесі.

Үнзила Шапақ осы құндылықтарды Конституцияға енгізу Қазақстандытек заңдық емес, өркениетті мемлекет ретінде көрсетуге, Конституциялық реформаның рухын толық ашып көрсетуге мүмкіндік беретінін айтуда.