$541.34 €640.73 ₽6.53
×

10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін

27.01.2026ж. 08:28
10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін

10 мың теңгелік ескі үлгідегі банкнотаны қолдану мерзімін ұзартуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық банк 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Себебі банкноталар кеңінен таралған. Оның үстіне 2 000 мен 10 000 теңгелердің айналымдағы мерзімі бір мезгілде аяқталатындықтан, банк жүйесіне қосымша ауыртпалық салуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, номиналы 2 000 және 10 000 теңгелік банкноталар үшін айналымда қатар жүру кезеңі 2026 жылы аяқталады.

- 10 000 теңге – 2026 жылғы 27 маусымға дейін;

- 2 000 теңге – 2026 жылғы 24 маусымға дейін.

Ұлттық банк мәліметінше, «Сақ стиліндегі» барлық номиналдағы банкноталар (20 000 теңгені есепке алмағанда) айналымға шығып болды.