$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы еңбек жағдайы жасалмаған

AstanaTV
27.01.2026ж. 19:00
Таразда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы еңбек жағдайы жасалмаған

Тараз қаласында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы жағдай толық жасалмаған.

Олқылықтар «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Кедергісіз келешек»  партиялық жобасы аясында тексеріс кезінде анықталды. Жұмысшы топ қаладағы мектеп, балабақша, емхана және мемлекеттік мекемелерді аралады. Онда ерекше қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамтуға арналған 2-4 пайыздық еңбек квотасының сақталуы мен жұмыс жағдайы қаралды. Қазір олар вахтер, күзетші, тәрбиешінің көмекшісі, бағбан, көлік жүргізуші және хатшы болып еңбек етіп жүр. Партиялық бақылаушылар №2 қалалық емханаға да ат басын тіреді. Мұнда үшінші топтағы 7 ерекше қажеттілігі бар қызметкер жұмыс істейді. Алайда ғимаратта олардың еркін жүруіне жағдай жасалмаған. Арнайы есік жабық, шақырту қоңырауы істемейді, тактильді жолақ талапқа сай емес. Осы кемшіліктерді жою туралы ескерту берілді. Сондай-ақ, Әулиеата әуежайында ерекше қажеттілігі бар екі қызметкердің тек қағаз жүзінде ғана көрсетілгені анықталды. Айта кетейік, өткен жылы облыста 10 ерекше қажеттілігі бар азамат тұрақты жұмысқа орналасқан болатын.

АНАР БЕКСҰЛТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Бұл жобаның мақсаты, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тең қоғамда өмір сүруі. Өйткені әрбір азамат жұмыс жасауға құқылы. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сол жұмыста қамтылып және жұмыс орындарының ыңғайлы болуы. Осының бәрін «Аманат» партиясы осы жобамыз аясында біз зерделейтін боламыз.