$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады

AstanaTV
27.01.2026ж. 19:00
Президент конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия мүшелерін қабылдап, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты. Комиссия төрағасы Эльвира Әзімова реформаны талқылау процесінің барынша ашық екенін, отырыстардың әлеуметтік желілерде тікелей көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Қоғамдық талқылау барысында азаматтар мен сарапшылардан 2 мыңнан астам ұсыныс түсіп, соның негізінде Ата заңның преамбуласы мен бірқатар баптарының жаңа редакциясы әзірленген. Президент Конституциялық реформа ел дамуына серпін беретінін және бұл істе Комиссия жұмысының рөлі зор екенін атап өтті.