$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Нипах» вирусына байланысты әуежайларда бақылау күшейтілді

28.01.2026ж. 13:56
«Нипах» вирусына байланысты әуежайларда бақылау күшейтілді
Фото: canva

«Нипах» вирусының белең алуына байланысты Азия елдері Үндістаннан барған жолаушыларды тексеруді күшейтті. Таиландтың үш халықаралық әуежайында медициналық бақылау шаралары қатаңдатылды.

Бангкок пен Пхукетке вирус тараған Батыс Бенгалиядан барған рейстердің жолаушылары жіті тексерістен өтеді. Олар міндетті түрде денсаулық жағдайы туралы сауалнама толтырады.

Сонымен қатар елдің туристік аймақтарында да бақылау шаралары күшейтілді.