$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Аяздың беті қайтады: күн жылынады

28.01.2026ж. 22:31
Аяздың беті қайтады: күн жылынады
фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.  29-31 қаңтар аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Елдің көп өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі деп болжайды синоптиктер.     

Синоптиктердің болжамынша, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінде қалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Сондай-ақ төменгі боран мен көктайғақ күтіледі.

Таулы аймақтарда 31 қаңтар күні күшті жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман түсіп, кей өңірлерде жел күшейеді.