$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерін марапаттады

28.01.2026ж. 15:02
Президент Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлерін марапаттады
фото: Ақорда

Президент қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкерін мемлекеттік наградамен марапаттады. 

Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байшолақов Азамат Қанатұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының кеңесшісі

Есенов Ерік Өмірбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен

Ержанұлы Ертілек – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел уәкілі (анықтаушысы)

Жаналиев Нұрбол Арысланбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аға тергеушісі

Өмірбеков Ержан Малғаждарұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысының орынбасары

Ысқақов Мұстафа Шорманұлы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі уәкілі (анықтаушысы);

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Ағжанбаева Әлия Серікқызы – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Тәуекелдерді бағалау ұлттық орталығының басшысы марапатталды.