$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ағза донорларының саны артуда

28.01.2026ж. 18:37
Ағза донорларының саны артуда
фото: pixabay

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елде кератопластика және гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттауды қоса алғанда, трансплантаттау қызметтерінің тізбесі кеңейтілді.

2025 жылғы 14 шілдедегі «МӘМС және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес медициналық көмектің бұл түрлері енді мемлекеттік ғана емес, сонымен қатар тиісті лицензиясы бар жеке медициналық ұйымдарда да көрсетілуі мүмкін.

Саланы дамыту шеңберінде медициналық көмекті ұйымдастыру стандарттары, сондай-ақ ағзаларды, тіндер мен жасушаларды алу, дайындау, сақтау, консервациялау және трансплантаттау қағидалары мен шарттары қайта қаралды.

2025 жылы ағза донорларының саны үш есеге - 6-дан 18-ге дейін, ал трансплантаттау саны 2,4 есеге-23-тен 68 операцияға дейін өсті.

eGov.kz порталында орналастырылған азаматтардың ниет білдіруінің оң динамикасы байқалады. Өтініштердің жалпы саны 38%-ға өсті, бұл ретте қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімдер саны 70%-ға, ал бас тартулар саны 26%-ға өсті, бұл осы мәселе бойынша халықтың хабардар болуының өскенін көрсетеді.

Сонымен қатар, трансплантаттауды күту парағында қазіргі уақытта 4506 пациент, оның ішінде 123 бала бар. Осыған байланысты халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.