$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Есірткі таратып жүрген мүгедек ер адам ұсталды

28.01.2026ж. 15:51
Есірткі таратып жүрген мүгедек ер адам ұсталды
фото: gov.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған, бұрын бірнеше рет сотталған Павлодар қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.   

Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады.

«Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар үш темекі анықталды. Сонымен қатар, оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және зип-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.