$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда адам шошырлық антисанитарлық жағдайда жұмыс істеген наубайхана анықталды

Атырауда адам шошырлық антисанитарлық жағдайда жұмыс істеген наубайхана анықталды

Атырауда адам шошырлық антисанитарлық жағдайда жұмыс істеген наубайхана анықталды.  Бір қызығы, қаланың қақ ортасында алқа-салқасы шыққан  ескі ғимаратта 18 жыл бойы ас атасын пісіріп келген. Ғимарат іші наубайхана емес, тозығы жеткен қоймаға ұқсайды. Есік-терезе, қабырға мен еден, тіпті нан дайындайтын  үстелде жиналған кірден  жылдар бойы тазалық көрмегені көрініп-ақ тұр. Наубайхана иесі  тәулігіне 700-ге тарта нан пісіріп, жақын маңдағы дүкендерге тапсырғанын айтқан. Мұнда жұмыс істеген гастарбайтерлердің  санитарлық кітапшасы түгілі,  Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсаты да болмай шықты.  Заңсыз еңбек еткен Өзбекстанның екі азаматына әкімшілік хаттама толтырылды. Жоспардан тыс тексеріс жүргізген  мамандар кәсіпкерге 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Наубайхана қазір жұмысын тоқтатты. Санитарлық талаптар бойынша қалпына келтіріп, қорытынды алынған соң ғана жұмысын жалғастырады.

ЕРНАР ӘБІЛХАЙЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2008 жылы жалпы біздің басқармамен санитарлық эпидемиологиялық  қорытынды алынған.  Одан бері қарай өздеріңіз білесіздер заңнамалық  талаптар да өзгерді.  Тағам өнімдерін өндіретін нысандарға қатысты талаптардың бірыңғай өзгерістер болды. Соған сәйкес, бұл кәсіпкерлік нысанмен жаңартылған санитарлық қорытынды алынбаған. Сол себепті де бас мемлекеттік санитарлық  дәрігердің қаулысымен жеделден қою туралы шарасы қабылданып, бұл кәсіпкерлік нысанға қатысты қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.