$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада жол апаты болып, екі адам қаза тапты

29.01.2026ж. 00:08
Астанада жол апаты болып, екі адам қаза тапты
Фото: zakon.kz

Астана қаласындағы көпірлердің бірінде жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен келе жатып, көпір үстінде тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты.

Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.