$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте тапа-тал түсте әйелді көшеде пышақтап кетті

Шымкентте тапа-тал түсте әйелді көшеде пышақтап кетті

Шымкенттік әйел тапа-тал түсте  кісі қолынан қаза тапты. Оны пышақтап кеткен.  

Әлеуметтік желіде тараған видео авторының айтуынша, ер адам полицейлергерге бағынғысы келмеген. Қазір адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның алдын ала мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзара жақтырмаушылық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел ауыр  жарақаттан көз жұмды. Болған оқиға туралы полицияға  куәгерлер хабарлаған. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. 

АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық білдіріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.