$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әкімдік ішінде төбелескен оралдық шенеунікке қатаң сөгіс берілді

29.01.2026ж. 19:00
Әкімдік ішінде төбелескен оралдық шенеунікке қатаң сөгіс берілді

Екі шенеунік әкімшілік ішінде төбелесіп,балағаттаған. Батыс Қазақстан облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің ақпаратынша,  Жаңақала ауданы әкімінің аппарат басшысы мәслихат төрағасымен сөзге келіп, ұстасып қалған. Шенділерді   әріптестері ажыратып алыпты. Бұл  оқиға бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасы арнайы тексеру жүргізіп, әдеп жөніндегі кеңес кінәлі шенеунікке қатаң сөгіс беруді ұсынды. 

МҰРАТ БАЙСАЛОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ БҚОД БАСШЫСЫ:

Төбелеске қатысты екі азамат арасында тиісті мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларымен жанаспайтын іс-әрекеттері болған. Не үшін ондай жасайтынын? Ал мемлекеттік қызметшінің жаңағы әдеп нормаларын сақтамау фактілеріне біз тиісті деңгейде талдау жүргіземіз. Бірақ дәл осы жағдайда не үшін осы факті болғаны туралы мен сізге қосымша айтамын.