$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Экология жанашырлары "Атырау су арнасы" мекемесін сотқа берді

Экология жанашырлары "Атырау су арнасы" мекемесін сотқа берді

Онсыз да экологиялық ахуалы нашар Атырауда ауа атмосферасына  күкіртті сутегі  жылына  500 мәрте    жіберіледі. Бұл улы газдың  күн сайын шекті мөлшерден асатынын айқындайды. Қазгидромет орталығының мәліметіне сүйенген аймақ экологтары мен қоғам белсенділері ауа ластануына себепкерлердің бірі кәріз суы төгілетін “Квадрат” булану алаңы,- деген пікірде. Сондықтан алаңның жұмысын толық тоқтатуды талап етіп, облыстық су арнасы мекемесі мен  энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын сотқа берді.

Қоғам белсенділері арнайы мамандармен бірге  былтыр  “Квадрат” булану алаңындағы ағынды судан 9 көрсеткіш бойынша бірнеше мәрте сынама алған. Нәтижесінде күкіртсутек мөлшері  мамыр айында 1418 есе, маусым айында 2776 есе артық болыпты.  Ал мұнай өнімдері шекті мөлшерден  100 есе асқанын көрсеткен. 

ГАЛИНА ЧЕРНОВА, “ГЛОБУС” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАМА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

“Квадрат” булану алаңының жайы сын көтермейді. Онда қарапайым ағынды суға мониторинг жүргізілмейді, сынама алынбайды, бақылау жоқ. Менің қолымдағы мәлімет бойынша, тұрғындардың кәріз суын айдайтын  алаңға шағын мекемелердің ғана емес, өнеркәсіп орындарының да  мұнай қалдықтары  төгіледі. Су арнасының 500-ге тарта кәсіпорынмен  келісімі бар, тізімін сіздерге беремін.

Чернова булану алаңына қала жұртының  кәріз суын төгілуіне қарсы емес, улы газ бөлінетін өнеркәсіп қалдықтарын дереу тоқтату керек дейді. Алайда су арнасы өкілдері мұнымен келіспейді.  Мекеме тек  қаладағы коммуналдық  қалдықтарды   қабылдайды. Өзге өнеркәсіптердікі төгілмейді,- деді сотта.

ГҮЛНҰР ҚАДЫРОВА, “АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ СУ АРНАСЫ” КМК ЭКОЛОГЫ:

Ол бағытта  “Квадрат” булану алаңы ғана емес, өзге де кәсіпорындар мен қоқыс полигоны бар. Мәселен полигон 1977 жылы пайдалануға берілген.  Санитарлық талапқа сай,қоқыс  полигонын пайдалану мерізім 25-30 жыл ғана.  Ол жерде биологиялық қалдықтар өртеледі.  Мен кеше Квадратқа бардым. Газанализатормен өлшеген кезде күкіртсутек көлемі мөлшерден асқан жоқ.

Жауапкер талап  “Квадрат”булану алаңы біздің теңгерімімізде емес,-дейді.  Оң жағалаудағы кәріз тазарту қондырғысының құрылысына тапсырыс беруші де әкімдік екендігін айтты.Олар соттан талаптарды қанағаттандырмауды сұрады.