$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Баласының көзінше темекі шеккендер жазаланбайды

Баласының көзінше темекі шеккендер жазаланбайды

Баласының көзінше темекі шеккен ата-аналар жазаға тартылмайды. Бұл туралы Ішкі Істер Вице-Министрі Игорь Лепеха мәлімдеді. Сенат кулуарында министрдің орынбасары бала тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін ғана жаза қарастырылғанын айтты. Ал заңнамаға өзгеріс енгізіліп, кейбір ата-аналарға айыппұл салынды деген ақпарат шындыққа жанаспайды деді.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ата-ананың бала тәрбиесін заңмен реттейтін баптарға әзірге өзгеріс енгізілген жоқ. Болса, хабарлайтын едік. Бұл, бірінші кезекте, үлгі-өнеге мәселесі. Әр ересектің өз баласы алдындағы жауапкершілігі және халқымыздың менталитеті. Сондықтан, бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Әр ата-ана балалары өздеріне ұқсап, темекі шеккенін қалай ма деген сұраққа талдау жасап, шешім қабылдасын. Менің ойымша, дені дұрыс адам баласына жаман үлгі көрсетпейді деп ойлаймын.