$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада жастардың диалог алаңы өтті

AstanaTV
29.01.2026ж. 19:00
Астанада жастардың диалог алаңы өтті

Астанада жастар елдегі саяси өзгерістерді талқылады. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған JastarX диалог алаңында Конституциялық реформалар және жастардың Парламенттік үдерістерге қатысу мүмкіндіктері сөз болды. Басқосуда саясат, құқық және қоғамдық даму саласындағы сарапшылар жастар үшін ашылған жаңа тетіктерді ортаға салды. Шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА, "ЖАСТАР" ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің ең басты мақсатымыз саяс жүйелердің, реформаларды жастармен бірге талқылап, жастарға жеткізіп және де ақпараттық жұмысымызды кеңейту. Өңірлердің арасынан жастардың өкілдері болады. Бұл алаңды 2023 жылдан бері жүргізіп жүрміз.