$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда 7 сынып оқушылары ақылды аквариум ойлап тапты

29.01.2026ж. 19:00
Қарағандыда 7 сынып оқушылары ақылды аквариум ойлап тапты

Қарағандыда 7 сынып оқушылары ақылды аквариум ойлап тапты.  Дінәли мен Аңсардың ерекше дүниесі бұрын соңды ешкімде болмаған. Балалардың айтуынша аквариум бағдарламалаудың арқасында толық автоматтандырылған. Балықтарды өзі қоректендіреді. Суын тазартады. Температурасын қадағалайды. Бұл ақпараттардың барлығын қожайынының телефонына қашықтан хабарлап отырады. Сонысымен ыңғайлы. Ақылды аквариумның бағдарламасын Дінәли жасаса, қондырғының өзін Аңсар құрастырыпты. Оқушылардың бұл жобасы Римде өткен Fibonacci халықаралық робототехника олимпиадасында жүлделі үшінші орынға лайық ден танылған.

ДІНӘЛИ САЯТҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ- ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

Біз ғаламтордан мұндай жоба бар- жоғын алдымен тексеріп алдық. Ондай жоқ екен. Адамдарға өте қолайлы. Оны бағдарламалау маған оңай болған жоқ. Бірақ алда одан да жақсы заттар жасаймыз.

АҢСАР АЙТКЕН, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ- ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

Мен электроникасын, тетіктерін құрастырдым. Өте қызықты болды. Соншалықты күрделі емес. Болашақта инженер боламын деп ойлаймын.