$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жоғары оқу орнына заңсыз түрде түсіруді уәде еткен күдікті ұсталды

Жоғары оқу орнына заңсыз түрде түсіруді уәде еткен күдікті ұсталды

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша кезекті қылмыстың бетін ашты.

Тергеу барысында күдікті азаматтың өзін жоғары лауазымды таныстары бар тұлға ретінде таныстырып, жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды. Ол жоғары оқу орнына емтихансыз қабылдауға көмектесетінін уәде еткен. Айтылған сөзге сенген жәбірленуші талап етілген 480 мың теңге көлеміндегі ақшаны банк картасы арқылы күдіктінің есепшотына аударған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, қазіргі уақытта оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды бейресми уәделерге сенбеуге, әсіресе бейтаныс адамдарға ірі көлемде ақша беруден сақ болуға шақырады. Білім беру ұйымдарына заңсыз жолмен түсіруді ұсынатын жалған ұсыныстардың құрбаны болмас үшін тек ресми рәсімдер мен сенімді ақпарат көздерін пайдалану қажет. Алаяқтық фактілері болған жағдайда азаматтар 102 нөміріне дереу хабарласуы тиіс.